Islam QUIZ
Muftiyat.kz
Повысьте свою религиозную грамотность с помощью приложения «Islam QUIZ» Ислам - ең таза, ең асыл дін. Адамзат үшін қоғамда, қоршаған ортада, тіпті жалғыз қалған уақытта да дұрыс жүріп-тұру, амал ету, шешім шығару, т.б. барлық сұрақтардың жауаптары көрсетілген қасиетті кітап Құраны бар ең үздік “ұстаз”. Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) алғаш Құран аятын жібергенде: «Оқы», – деп бастаған. Яғни Алла біздерге оқуды, білім-ғылымды міндет еткен. Білімнің биік шыңы Құран мен дініміздің тарихын білу парыз. Сондықтан заманауи технологиялар көмегімен дініміздегі түрлі тақырыптар қамтылған ISLAM QUIZ мобильді ойынын жасап шығардық. Басқа жобалардан ерекшелігі - асыл дініміздегі ақпараттарды ойын ойнап, бір-бірімізбен жарысу арқылы есте сақтауға болатындығы. Яғни төменде көрсетілген 10-ға жуық категорияның бірін таңдап, қысқа уақыт аралығында сұрақтарға қарсыласыңызбен кезек-кезек жауап бересіз. ISLAM QUIZ қосымшасын қолдану арқылы діни сауатыңызды арттырып, мұсылман бауырларыңызға тарату арқылы игі іске қолдаушы болыңыз. Категориялар: ● Ақида ● Фиқһ ● Сира ● Сахабалар ● Құран ● Ислам тарихы ● Алланың көркем есімдері ● Тəжуид ● Пайғамбарлар қисассы